Талдықорған өңірі өкілдігінің ұйытқы болуымен «Ихсан – рухани кемелдену жолы» тақырыбында имамдарға арналған танымдық семинар өтті.
Рухани-танымдық семинарда бас имам Алмас Сағидоллаұлы сөз бастап, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған жұмыстарды саралай келе, рухани тәрбие бағыты бойынша атқарылатын жұмыстар турасында баяндама жасады.
ҚМДБ жариялаған Ихсан жылы аясында қала-аудан, ауыл имамдарына ұйымдастырылған игі шарада шығыстанушы-ғалым, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Төрəлі Қыдыр ихсан жөнінде дәріс оқыды.
Ал Талдықорған өңірі бойынша ихсан бағытына жауапты Ордыбай Мұхаммед имам һәм ихсан, тұлғалық даму турасында сөз қозғады.
«Ихсан – жақсылық ілімі. Исламның бізден қалаған ихсаны – жасайтын жақсылықты ең көркем түрде, ең жақсы һәм кемеліне жеткізе отырып жасау. Бір сөзбен айтқанда толық мұсылман болған адам жақсылықтың ең биік шыңында жүруі арқылы әрқашан жақсылық жасап, ізгілікті насихаттап өзінің амалдарымен күллі адамзатқа үлгі болуы керек». Бұл – тағылымды жиынның түйін сөзі.
Талғамы бөлек, тың ойлар қозғалған рухани-танымдық шара соңында барлық қатысушыларға Ихсан іліміне байланысты ҚМДБ тарапынан берілген жұмыс жоспары түсідірілді.