Сұрақ: Хизбут-Тахрир қандай ұйым?
Жауап: Хизбут-Тахрир партиясын Палестинада дүниеге келген Тақиуддин Набхани (1908-1977) құрды. Т.Набхани әл-Азхар университетін бітіргеннен кейін Палестинаға оралып, мұғалім, судья болып жұмыс істеген. 1952 жылы өз партиясын құрып, қалған өмірін оны басқаруға, партияның мәдени және идеологиялық бастауы болып табылатын еңбектер шығаруға арнаған.
«Хизбут-Тахрир» үгітінің басты мақсаты – зайырлы құндылықтарды жойып, халифатты қалпына келтіру. Олардың әдістері және міндеттері тек саяси сипатқа ие. Хизбутшылардың пікірінше, ислам тек халифат шеңберінде ғана өмір алады, ал мұсылмандарды тек халиф қана басқаруы керек деген ұғымда.
Қазіргі таңда аталмыш ұйым Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес экстремистік діни ұйым деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағында оның қызметіне тыйым салынған. Бұл ұйымның мүшелері өз насихаттарын барынша жасырын жүргізуге тырысады. Олардың көзқарсын қолдау мен діни материалдарын насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ұмытпайық.
Икрам АЙТАЕВ