Жұма күні Израиль әскери-әуе күштері Бейруттің оңтүстігіндегі Дахия ауданына соққы беріп, нәтижесінде Ливан қозғалысының басқа да қолбасшыларымен қатар «Хезболла» тобының жоғары лауазымды қолбасшыларының бірі қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Израиль әскерилері әуе соққысынан «Хезболла» тобының жоғары әскери қолбасшысы Ибрагим Акил мен Ливан тобының таңдаулы бөлімшесі «Радванның» басқа жоғары лауазымды 10 мүшесі өлтірілгенін хабарлады.
Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі кемінде 14 адам қаза тауып, 66 адам жараланғанын хабарлады. Соққы салдарынан Бейруттың оңтүстігіндегі Дахия ауданындағы екі көп қабатты ғимарат қирады. Бұл аймақ «Хезболла» бекінісі ретінде танымал.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ливанның қауіпсіздік органдарындағы екі дереккөз Акилдың қайтыс болғанын растады.
Ливан ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылды израильдік F-35 истребителі жасаған. Израиль қорғаныс армиясы соққыны «мақсатты» түрде жасалған деп сипаттайды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, олар ғимарат гаражының кіре берісінде жарылған. Жарылыс ғимараттың төменгі қабатында Акил басқа командирлермен кездесіп жатқан кезде жасалды.
Ибрагим Акил деген кім?
Тахсин деген атпен белгілі Акил 1980 жылдардың басында топ құрылғаннан бері «Хезболланың» негізгі тұлғасы болды, деп хабарлайды AlJazeera.
Хезболланың көптеген жоғары лауазымды әскери шенеуніктері сияқты Акил дt көпшілік алдында көрінбейтін және мәлімдеме жасамайтын көлеңкелі тұлға болды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, ол топтың жоғарғы әскери органы – Жиһад кеңесінің мүшесі.