Сұрақ: Хэллоуин қандай мейрам?
Жауап: Бұл мейрамның шығу тегі ертеде жатыр. Өлілердің құдайын дәріптейтін ертедегі пұтқа табынушылардан қалған дәстүр. Сондықтан бүгінгі адамдарға ертегі ұқсағанымен, Хэллоуин – жер бетіндегі жаман атаулының [жын, шайтан, албасты, вампир және т.б.] мейрамы. Өйткені бұл кеш өлілердің құдайын дәріптеу кеші.
Негізінде Америкаға Хэллоуинді Ирландиядан келген иммигранттар әкелген екен. Ирландиялықтар кельттер мен друидтердің наным элементтерін сақтағанымен, Америкада түрлі халықтардың әдет-ғұрыптары үнді нанымдарымен араласып, мерекенің американдық нұсқасы пайда болды.
Кельттер мен друидтердің сенімі бойынша адам өлген соң, оның жаны өлілердің құдайына бағынады. Халық өлгендердің жаны бағынатын құдайды разы ету мақсатында қазан айының соңында және қараша айының басында кеш жамылып көшеге шыққан. Бұл күндері өлім құдайы быр жыл бойына өлген адамдардың жандарын жинайды деп сенген. Сөйтіп өлім құдайы өлген адамды күнәсін жуып-шайсын деп жанын қандай да бір жануарға қондырған деседі.
Жанның қандай жануарға қонатыны оның жасаған күнәсына байланысты деп сенген. Адамдар от жағып өлім құдайын разы ету үшін құрбандық шалған. Сонымен қатар бұл түнде бүтін зұлым күштер жер бетіне түседі, сондықтан біз олардан да қорқынышты болуымыз қажет деп адамдар терілер жамылып, жануардың басын дене мүшелерін пайдаланып, шоқпыттарды жамап қорқынышты кейіпке ұқсауға тырысқан.
Еуропада бұл түндері адам өлімі мен қылмыс көп жасалатын кеш болған. Алғашқы кездерде Хэллоуин кезінде түнде от жарығымен қойылымдар қойылған, сәуегейлік жасалған, өлгендер мен елестер туралы қорқынышты әңгімелер айтылған.
Қазақ халқы үшін бұл үлгі алатын мейрам да, кеш те емес. Тіпті бұл кештің бір шығу нұсқасы ретінде маскүнем мен Ібілістің арасында болған келісіммен байланыстыратындар бар. Ол адам Ібіліске жанын сатқан екен деседі.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ