Күндердің күнінде екі хауариж қылыштарын сермеп Имам Әбу Ханифаға келеді. Олар Имамның үйіне кірген бойда:
– Сен біздің сұрағымызға жауап беруің керек, әйтпесе, сені өлтіреміз, – дейді долданып.
– Әрине, айта қойыңдар, – дейді Имам байсалдылықпен.
– Көшеде екі өлі дене жатыр. Біріншісі, мас күйінде көз жұмды, екіншісі, ойнастық арқылы бала көтеріп, зина жасаудың салдарынан бала босанарда дүниеден өтті. Ендеше айтшы, қайсысы мұсылман болып өтті және олардың жазасы қандай болады?
– Олар көздері тірісінде иудей болып па еді?
– Жоқ.
– Әлде христиан дінін ұстанды ма?
– Жоқ.
– Сонда олар кім болды ? – дейді Имам таңданған сыңай танытып. Хауариждер:
– Олар мұсылман болып өлді, – дейді. Дәл осы жауапты күткен Имам:
– Міне, сендер өз сұрақтарыңа өздерің жауап бердіңдер, – дейді. Сонда олар аң-таң болып:
– Бұл қалай, – дейді.
– Сен екеуің жаңа ғана олардың мұсылман болып өткеніне куәлік еттіңдер. Ендеше мен оларды қалай ғана мұсылман емес, – деп тұжырымдай аламын, дейді Имам.
– Онда олардың жазасы қандай болмақ? Жәннәтқа кіре ме әлде, тозаққа түсе ме?
– Бұл – тек жалғыз Аллаyың құзырындағы нәрсе. Қаласа кешіреді, қаласа азаптайды, – деген екен Имам.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы