Ыстамбұл соты Харун Яхья деген лақап атпен танымал исламдық уағызшы және публицист Аднан Октарды 1075 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы NTV телеарнасы хабарлады.
Октар 2018 жылдың шілдесінде қамауға алынды, оған бірқатар мақалалар, соның ішінде қылмыстық ұйым құру, балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық, жыныстық зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас, балаларды ұрлау, зорлау, бопсалау, адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру, әскери және саяси тыңшылық, адамдардың діни сенімдері мен сезімдерін пайдалану арқылы алаяқтық, жеке өмірді бұзу, құжаттарды бұрмалау және басқа да қылмыстар бойынша айып тағылды.
Октармен бірге бұл іс бойынша 236 адам әртүрлі жазаға кесілді.
Харун Яхия әлемнің 76 тіліне аударылған 300-ге жуық кітаптың, креационизм, саяси және діни мәселелер бойынша көптеген мақалалардың авторы.
Ең танымал кітаптары – “Эволюция теориясының күйреуі”, 4 томдық “Өмірдің пайда болу атласы”, “Дарвинизмнің адамзатқа әкелген қасіреттері”, “Әлеуметтік дарвинизм”, “Адамның жаратылыс кереметі”, “Эволюция теориясы – тарихтағы ең үлкен жалғандық”, “Көктегі керемет”, “Ойланатын адамдар үшін”, “Апатқа ұшыраған халықтар”, “Ғаламның жаратылуы”, “Құранның кереметі”, “Олардың Құраннан алынған Ислам туралы жауаптары”, “Өлім. Ақырзаман. Тозақ”, “Иса қайтып келеді” және т.б.