Абдулла ибн Масғуд риуаят етеді:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) фитна күндері мен һараж күндері жайлы айтты. Мен:
– Һараж деген не? – дедім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Адам жанындағы досынан қауіптенетін уақыт, – деді.
– Ол уақытқа жететін болсам, не істеуімді тапсырасыз?
– Нәпсің мен қолыңды тый (еге бол) және аулаңнан шықпа!
– Уа, Алланың елшісі! Егер өзі келіп, аулама кірсе, не істейін?
– Үйіңе кіріп кет!
– Егер үйіме де кірсе ше?
– Намаз оқитын орныңа кір, – деді. Сосын білегін мығымдап ұстап көрсетті де,
– Осылай істеп, өлгенге дейін «Раббым Алла» де, – деді»[1].
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
[1] Әбу Дәуіт.