Сұрақ: Харам жолмен жыныстық қатынасқа түскен адамдар, кейіннен неке қидырып үйленсе бола ма?
Жауап: Дінімізде зина үлкен күнә болып саналады. Құранда: “Зинаға жоламаңдар, өйткені ол – анық “арсыздық, әрі жаман жол” [Исра, 17/32]. Дініміз тек зинаны ғана емес, сол жаман, арсыз әрекетке жөнелтетін және апарар жолдарға да тыйым салған.
Некеге кедергі болатын қандай да бір себеп болмаса, үйленуге болады. Сонымен қатар зина жасалынған адаммен үйлену, жасалған зина қылмысының күнәсын жуып-шая алмайды. Одан бөлек пұшайман болып, тәубе eтyi тиіс.
Алла Тағала, мүмін адамның бүкіл күнәларын кешіретінін айтады. Сондықтан қалай да болсын, зина жасаған адам өкініп, Алла Тағаладан кешірім сүрауы тиіс. Дегенмен намаз оқу, ораза ұстап және садақа беру секілді қосымша ғибадаттар мен көркем мінезде болу – күнәнің кешірілуіне себепші болары анық. Себебі Ұлы Алла, Құран Кәрімде: “Жақсылықтар жамандықтарды кетіреді” [Һуд, 11/114] деген.
Алла баршамызды зинадан, барлық күнә атаулыдан сақтасын!