Сұрақ: Харам жолмен табылған ақшаны мешіт салу, оны безендіру секілді игі істерге жұмсауға бола ма?
Жауап: Мұсылман нәпақасын діннің рұқсат берген жолдарымен ғана табуға міндетті. Алла оның малын қайда жұмсағанын сұрайтыны секілді қайдан тапқанын да сұрайды.
Дінде харам деп есептелген ұрлық, тонау, құмар, пайыз және зина арқылы табылған табыс та арам. Мұсылманның бұл ақшаны қолдануына болмайды. Бір адамның қолында осы жолдардан табылған мал болса, ол «харам жолмен табылған ақшаның жұмсалатын орны – жетім-жесірге не кедейге беру» қағидасы бойынша кедейлерге берілуі тиіс.
Алайда, бұдан сауап күту дұрыс емес. Себебі, харам жолмен табылған табыс біреудің малы бола алмайды. Өз малы болмаған бір нәрсені қайырымдылыққа қолданудан сауап күтілмейді.
Харам ақшаға сатып алынған кілемнің үстінде немесе сондай ақшаға салынған мешітте оқылған намаз қабыл болады. Себебі, бұл жердегі кемшілік намазға қатысты емес, оның айналасындағы басқа мәселеге қатысты болып тұр. Бір мекеменің немесе киімнің дінде дұрыс көрілмеген бір жолда қолданылуы намаздан бөлек мәселеге жатады.
Сұрағыма жауап бергендеріңіз үшін рахмет. Ғайбат айтқандай болмайын, бірақ кейбір мешіт салдырған адамдардың қаражаты қайдан келгеніне күмәнім бар