2022 жылдың 21 мамырында «Жусан» репатрианттарына «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының басшысы Азамат Тулепов «Ханафи мазхабының шығу тарихы» тақырыбында атаулы түсіндіру және діни ілімдерін арттыру бағытында кездесу жасады.
Шара барысында ханафи мазхабы бойынша намаз оқу үлгісі, мазхаб ұстанудың маңыздылығы және әйел адамдардың мазхаб бойынша намаз оқу үлгілері мен дәлел-дәйектері түсіндірілді.
Әйел баласы мен ер кісілердің намаздарының арасында бірнеше өзгешеліктер бар. Атап айтсақ, әйелдер ер кісілер сияқты азан шақырып, қамат түсірмейді. Исламдағы төрт мәзхаб ғалымдарының басым көпшілігінің берген пәтуасы бойынша әйел баласының намаздағы қимылдарының еркектер сияқты еркін емес, жинақы болуы маңызды. Мәселен, Мәліки мәзһабында әйелдің намаздағы қимылдарының бәрі жинақы болуға тиіс
Ханбалидағы мәзхабында да дәл солай. Ибн Құдама «әл-Муғни» атты еңбегінде әйелдің намазындағы ерекшелігі жайында былай дейді: «Намаздағы ер кісілерге қатысты үкімдер, негізінде, әйелдерге де қатысты. Бірақ, әйел баласы рукуғта, сәждеде өзін жинақы ұстайды. Ал, отырыста малдас құрып (мүтәраббиға) немесе сол жағына қарай жамбастай отырады» делінген.