3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай «Зекет және қайырымдылық қоры» елордада «Өнеге» оңалту орталығымен бірлесе Емдік дене шынықтыру (ЛФК) инструкторларын даярлау курсынының алғашқы қатысушыларына салтанатты түрде сертификат табыстады.
10 күнге созылған курсқа аймақтарда орналасқан оңалту орталығының мамандары тегін қатысып, біліктілігін арттырды.
«Қазіргі таңда ерекше балалар мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Осы ретте әуелгі мақсатымызға сай оңалту орталықтары мамандарының біліктілігін арттыруға көметесуді жөн санадық. Еліміздің әр аймағынан келген курс қатысушыларының жолақысы, жатын орны мен тамағына қор демеуші болды. Мамандар көп нәрсені үйренді, енді алдағы жұмысына алған білімін қолданады деген сенімдеміз» дейді «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев.