Халима Өтеғалиева той-жиында өлең айтып, қайым айтысқа қатысып «ақын келіншек» атанған. Өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде 1938 жылдан бері жарияланып тұрған.
Кенен, Есдәулет, Болмай тәрізді ақындармен айтысып, республикалық айтыста жүлделі орындарға ие болған. Ақынның «Ақындар жыры», «Мақ-танышым — өз елім», «Ана жыры», «Әже әлдиі» атты өлеңдер жинағы бар.
Қаламгердің «Өзен тынысы», «Айтылмаған ән», «Даладағы шырақ», «Маңғыстау — мың жолдың торабы», «Құм-шағыл», «Бұлтты күндер», «Теңіз түбіндегі маржандар», «Жолдар мен адамдар», «Рахмет» секілді кітаптары жарық көрді.
Біртуар тұлға «Құрмет», Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.