Күндердің күнінде Ислам ғалымы Ахмет Рифаи әр елдің тарихын жіті зерттеп, былай деген екен:
– Егер қандай да бір халықты бұзатын болсаң, оның үш жолы бар: Біріншісі – отбасын бұзу, екіншісі – білім жүйесін сындыру, үшіншісі – беделді тұлғалардың дәрежесін түсіру.
Отбасын бұзу үшін ұйытқы болып отырған әйелге діндегі құқын ұмыттырып, үй шаруасымен айналысудан бас тартқызу керек. Оның да қоғамда ер адам секілді ерекше құқы бар деген қағиданы ортаға қою маңызды.
Білім жүйесін сындыру үшін мұғалімнің абыройын, қоғамдағы маңызды орнын түсіру керек. Себебі, қоғамда сыйлы болмаған шәкірттеріне де сыйлы бола алмайды.
Беделді тұлғалар деп отырғанымыз – ғұламалар. Олардың да қоғамдағы абыройын айран етіп, халық алдында оларға шағымданып, ешкім тыңдамайтындай дәрежеге түсіру керек.
Егер осы үш жол бұзылса, отбасын сақтайтын саналы ана, білімді ұстаз бен қоғамдағы беделді ғалымдар жойылса, бұлардан басқа халықтың құндылығын, ұлттық болмысты ешкім жаңғырта алмайды.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы