Күндердің күнінде Омар ибн Абдул Азиз халифаға баласы келіп:
– Әке, қолыңызды осынша билік бола тұра сіз неге кейбір мәселелерде жұмсақтық танытасыз. Мен сіздің орныңызда болғанда ақиқатты айтып, барлығын дереу орнына қояр едім, – дейді. Мұны естіген халифа күлімсіреп, баласының басынан сипап:
– Балам, асықпа! Расында Алла Тағала Құранда мұсылмандарға арақты түбегейлі арам етпес бұрын алдымен оның зияны бар екенін екі рет ескерткен. Содан кейін ғана тікелей арам еткен болатын. Сол сияқты мен де адамдарға барлық ақиқаттың бетін ашып, қаталдық танытып оларды діннен қашырып аламын ба деп қорқамын. Егер солай болса мен адамдардың арасында бүлік шығарған боламын, – деген екен.
Мұны естіген баласы әкесінің мұндай әрекеті оның әлсіздігінен емес, керісінше дінді жақсы білгендігінен екенін аңғарыпты.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы