Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі хатшылығының ХІІ отырысына қатысып жатқан Ватиканның Дінаралық диалог бойынша Папалық кеңесінің Ислам мәселелері жөніндегі бюросының басшысы, монсеньор Халед Акаше елімізді “кездесу орны” деп атады.
“Біз Қазақстандағы діндер съезі құрылған кезден бастап қатысып келеміз. Бұл жиынның пайдасы мол. Біз әрдайым бір-бірімізді қолдап жүруіміз керек. Ең алдымен адамзатқа деген махабатты басшылыққа ала отырып жұмыс істеуіміз керек. Бұл съезд – Қазақстанның адамзат баласына сыйлығы. Бұл тек дін өкілдері арасындағы байланысты нығайтатын алаң ғана емес, ол саяси, басқа да салалардағы қарым-қатынастарды да бекітеді. Біз қазақстанды “кездесу орны” деп атай аламыз” деді ол.
Сонымен қатар ол алдыңғы жылы Рим папасының Қазақстанға алғашқы сапарын да атап өтті.