Жазғы демалыста шетелге барып демалуды жоспарлап жүрген мұсылман қауым үшін қалаларда арнайы халал туризмнің болуы маңызды.
Қытай әртүрлі мәдениттер мен діндер бірлескен орда. Соның ішінде ислам діні де бар. Оның мәдениеті мен құлшылық орындары Қытайдың Ганконг қаласында кеңінен көрініс тапқан.
Мысалы, онда бес мешіт пен көптеген халал мейрамханалар жұмыс істейді. Бұл мұсылман туристер үшін саяхатқа ыңғайлы қала.
Қалада мұсылман туристер ең көп баратын мешіттердің тізімін ұсынамыз.
Джамия мешіті
Ислам Гонконгте британдық колонизация дәуірі кезінде XIX ғасырдың басында пайда болды. Алғашқы мұсылмандар ағылшын корольдігіне қызмет ететін Үндістанның әскерилері болған.
Гонконг маңызды қала ретінде таныла бастаған сәттен, мұнда көптеген мұсылмандар көшіп келе бастады. Сол кезден бастап британдық үкімет мешіттер салу үшін арнайы жер бөлуді бастайды. Олардың ең алғашқысы 1849 жылы салынған Джамия мешіті.
1915 жылы Гонконг орталығында танымал Шелли көшесінің ортасында орын тепкен бұл шағын мешіт кеңейтілді. Тік бұрышты ашық жасыл түсті мешітте ислам сәулетінің көптеген элементтері бар. Оның негізгі кіреберісі мен терезелері араб стилінде безендірілген. Қазіргі таңда, мешіт – Гонконг үкіметінің қорғауындағы тарихи сәулет ескерткіш.
Коулун мешіті
Коулун – Ганконгтегі ең үлкен мешіт. Мешіт 1896 жылы салынған. Ол төрт 11 метрлік мұнаралары бар ақ ғимарат. Сыртқы қабырғалары ақ мәрмәрден жасалған. Үш намаз залы және бір жалпы зал бар. Сондай-ақ, мешітте медресе және кітапхана бар. Оның сыйымдылығы 3500 адамға жетеді. Жұма намаздары кезінде мешіт әрқашан мұсылман қауымға толы. Рамазан айында мұнда 2 мыңнан астам адам Ифтар мен Таравихиге келеді, ал жыл сайын мерекелік намаз оқуға 5000-ға жуық мұсылман жиналады.
Бір қызығы, мешітте өзге дін өкілдеріне де ислам туралы сабақ алуына мүмкіндік береді.
2005 жылы мешіт қайта қалпына келтіріліп, жаңадан имам бөлмесі мен үлкен асхана салынды.
Аммар мешіті
Бастапқыда мешіт Сеймур көшесіндегі тек мұсылман зиратының айналасында салынған кішігірім ғимарат болған. Алайда, мұсылман халқы тез артқан соң, ол құлшылық орнына айналды.
Кейінірек бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күні 700 орынға дейін жұмыс істейтін көпфункционалды бөлмелері бар сегіз қабатты кешен. Мұсылман балабақшасы, екінші қабатта ерлердің намаз залы, ал үшінші қабатта әйелдер бөлмесі бар.
Демалыс күндері мешіттер ислам туралы, сондай-ақ Құран оқу сабақтарын жүргізеді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен университет студенттері үшін мерзімді экскурсиялар ұйымдастырылады.