UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді. Ол аралас жекпе-жектен өтетін халықаралық турнирдің қонағы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іс-шара 18 маусымда «Almaty Arena» кешенінде өтпек. Кештің басты жекпе-жегінде Шамиль Зовуров бразилиялық Рикардо Тирлониге қарсы шығады.
Сонымен қатар, кешке бірнеше мемлекеттің спортшылары қатысады. Оның ішінде қазақстандықтар да бар.
Хабиб Нурмагомедов – ресейдің аралас жекпе-жек спортшысы, жеңіл салмақтағы UFC экс-чемпионы. Кәсіби деңгейде ол 29 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыластарынан басым түсті.
2020 жылдың 24 қазанында жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы Хабиб Нурмагомедов Әбу-Даби қаласында америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағаны туралы мәлім еткен болатын.