Бүгін, 16 қарашада, «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы» Х мерейтойлық Азаматтық форумы аясында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов онлайн-кездесу өткізді. Төраға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесін жетілдіру, квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтерді енгізу және тағы да басқа қоғамдық маңызы бар сұрақтар жөнінде айтып берді.