Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай өткен І халықаралық Құран жарысына қатысушы гвинеялық қари Әл-Хасан Абдулла Камара жарыс жөнінде «Мұнара» газетіне пікір білдірді.
«Қазақстанға алғаш рет келдім. Халықаралық деңгейдегі Құран жарысына алғаш рет қатыстым. Қазақстан ерекше қонақжай мемлекет екен. Әуежайдан бастап, қонақүйде, мешітте де жылы қабақ танытқан, көркем мінезді халықты көрдім. Жарыстың ұйымдастырылуында мін жоқ. Құранның берекеті болар, ерекше әсерге бөлендік. Әр елден келген қарилармен тілдесіп, аз күннің ішінде көп дос таптым» дейді Гвинея мемлекетінен келген қари Әл-Хасан Абдулла Камара.
Айта кетейік, гвинеялық қари мүфтияттың төл телеарнасы «Munara TV» арнасына да сұхбат берді.