Оқу аяқталған соң курс тыңдаушылары фандрайзинг, жобаларды басқару, сыртқы коммуникациялар және қаржылық менеджмент сияқты салалардағы білім деңгейін арттыра алады. ҚР АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп, орталықтың грант алушыларына арналған жобаларды басқару негіздері бойынша оқыту курсын ұйымдастырды.
Жобаның басты мақсаты – грант алушылардың құзыреттілігін арттыру, іске асырылып жатқан жобалардың тұрақтылығын және үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жоба аясында курс тыңдаушыларына жобаларды әзірлеудің және іске асырудың негізгі кезеңдері, қаржы көздерін тарту жоспарын әзірлеу, гранттарды іске асыру шеңберіндегі қаржылық есептілікке қойылатын талаптар туралы түрлі дәрістер оқылады. Оқу тамыз айының соңына дейін жалғаспақ. Курс қатысушыларына оқудан кейін арнайы сертификаттар табысталады.