Суейд ибн Сағид айтады: «Абдулла ибн Мүбәрак (р.а.) деген ғұламаны Меккеде көрдім. Алланың үйін тауап етіп болғаннан кейін зәмзәм басына барып, қолына зәмзәм суын алып, Қағбаға қарап тұрып: «Ибн Мажеден «Зәмзәм суын қандай ниетпен ішсең, соған жарайды», – деп жеткен хадисті, осы хадистегі барлық рауйлерінің тізбегімен бірге айтып болып:
«Иә, Раббым Алла! Осы зәмзәм суын Қияметте шөлімді қандыру үшін ниет етіп ішемін» деп айтты.
Әлбетте, зәмзәм суын қандай ниетпен ішсең, соны табасың иншалла.
Шөлді қандыру үшін, не шипа үшін, не ас орнына, не басқа да тілек тілеп ішсе болады. Ал, мына өз заманының тақуа ғалымы қандай ниетте ішті?
Замандастары тақуалығын сахабаларға ұқсатқан Абдулла ибн Мүбәрактың (р.а.) ықыласы жайлы, замандасы Сұфиан Саури (р.а.) деген ғалым: «Мен бүкіл өмірімді жоқ дегенде, Абдулла ибн Мүбәрактың (р.а.) бір жылғы өміріндей болса сүретіндей болсам, арманым жоқ» деп айтқан екен.
Қуат ҚАБДОЛДА