Германияда жергілікті билік пен мұсылман жамағаты арасындағы жанжал мен талас-тартысты шешетін ислам істері жөніндегі алғашқы кеңес беруші қызметі пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Аталмыш қызметке Хұсейн Хамдан (суретте – ред.) есімді 44 жастағы исламтанушы ғалым тағайындалған. Ол мешіт құрылысына, мұсылмандардың билік немесе өзге наным-сенім өкілдері тарапынан құқығының бұзылуына қатысты, басқа да мәселелер бойынша төрелігін айтады. Мәселен, оның алғашқы тапсырмасы – Баден-Вюртемберг аймағындағы аудан әкімшілігінің өтініші бойынша сопылық діни ұйымдардың біріне сипаттама берді. Дәлірегі, кеңесші жергілікті билік өкілдеріне сопылық ілімнің қыр-сырын түсіндіріп, арадағы түсінбеушіліктің алдын алды. Діни ағымдармен қалай күресудің жай-жапсарын айтады. Жергілікті мұсылман жастардың қоғаммен етене араласуына ықпал етеді. Хұсейн Хамданның қызметін осы уақытқа дейін бір ғана Баден-Вюрттемберг аймағынан 50-ден аса билік органдары пайдаланған екен.