Қоршауға алынған Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқан палестиндіктердің саны 26 751 адамға жетті. Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра мәлімдеді.
Тек соңғы 1 тәуліктің ішінде 114 палестиндік оққа ұшып, 249 тұрғын жарақат алған. Ал 7 қазанда басталған жаппай шабуылдаудың салдарынан жарақаттанғандар саны 65 636 адамды құрады.
Қираған ғимараттардың астында әлі де қаза тапқандар денелері жатыр. Жедел жәрдем бригадалары мен азаматтық қорғаныс күштері әуе шабуылдары мен кедергілер салдарынан олардың бәрін үйінді астынан шығара алмауда.