Израильдің 2023 жылғы 7 қарашада жасаған соққысынан бері Газа секторында қаза тапқандардың саны 44 630 адамға жеткен, оның ішінде 16 765 бала бар. Бұл туралы Палестина үкіметі мәлім етті, деп хабарлайды aljazeera.com.
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің 17 қарашада берген ақпаратына сәйкес басып алынған Батыс жағалаудағы соңғы мәліметтер келесідей:
- Қаза тапқандар кемінде 784 адам, оның ішінде 167 бала
- Жарақат алған адамдар саны 6 250-ден астам.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Палестина үкіметінің 10 қарашадағы соңғы мәліметтеріне сәйкес, Израиль шабуылдарынан зардап шекті:
- коммерциялық нысандардың 80 пайызы
- мектеп ғимараттарының 87 пайызы
- денсаулық сақтау мекемелері – 36 аурухананың 17-сі жартылай жұмыс істейді
- жол желілерінің 68 пайызы
- егіннің 68 пайызы.
2023 жылдың 7 қарашасынан бері Газада әр сағат сайын 15 адам қаза тапты, 35 адам жарақат алды, 42 бомба тасталды, 12 ғимарат қирады.