Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдың 7 қазанынан бері 44 429 палестиналықтың көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Alarabiya news мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде 47 адам бақилық болған, сондай-ақ, соғыс басталғаннан бері тек Газаның өзінде 105 250 адам жарақат алды.
Бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот 2024 жылдың 21 қарашасында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен елдің бұрынғы Қорғаныс министрі Йоав Галлантты тұтқындауға санкция берген болатын.
Қайнар көзі:
zakon.kz