Бүгін Гаагада толық мойындалмаған Косово Республикасының бұрынғы президенті Хашим Тачиге қатысты сот процессі басталды. Бұл туралы “әл-Жазира” агенттігі мәлімет таратты.
Тачимен бірге оның жақын серіктері болған Кадри Весели, Режеп Селеми және Якуп Красничи де сотқа айыпталушы ретінде қатысуда. Оларға 1998-1999 жылдары орын алған серб-албан қарулы қақтығыстары кезінде әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айып тағылып жатыр.
Хашим Тачи 2016 жылдан 2020 жылға дейін Косово президенті лауазымында отырды. Өзіне қарсы айып тағылғаннан кейін ол оны жоққа шығару үшін Гаагаға өз еркімен барып, екі жылдан астам алдын ала қамауда отырды.
Күдіктілерге оннан астам айып тағылуда, оның ішінде адамдарды заңсыз қудалау, тұтқындау, қамау, ұрлау, қатыгездік таныту және азаптау секілді тармақтар бар. Тұтқындағылар бұл кінәларды жоққа шығаруда.
Сот отырысында тыңдаулар 5 сәуірге дейін жалғасады. Оған 140 куәгер қатысады деп күтілуде.
Иә, адамзатқа, көрші мемлекеттерге, халықтарға қарсы қылмыс жасаған кез келген президент жазадан жалтарып кетпеуі керек.