Сұрақ: Фиқһ ілімі деген не?
Жауап: Фиқһ – Құран Кәрім мен хадистердегі бұйрықтар мен тыйымдары негізге алған ережелердің жиынтығы. Яғни, фикһ – заң ғылымы, құлшылық істер (ғибадат) мен ахлақты қарастыратын шариғат нормаларының түрі.
Адам Құран мен хадисті егжей-тегжейлі жете түсіне алмайды. Сол секілді, хадистерді де өмірлік тәжірибеде қалай тұтыну керектігін қарапайым адамдар біле бермейді. Сондықтан фиқһ ғалымдары, өмірлерін осы жолға арнап, мұсылман құқығын белгілі бір тәртіпке келтіріп жүйелеген. Фиқһ ғылымы ғибадат, құқық, ахлақ, экономикалық және әлеуметтік қарымқатынасты қамтитын.
Қазіргі уақытта фиқһ сөзінің орнына «Ислам құқығы» тіркесін қолданады. Әлем мұсылмандары төрт діни-құқықтық мектепті (мәзһаб) ұстанады: олар Ханафи (имам Әбу Ханифа мәзхабы); Шафиғи (имам аш-Шафии мәзһабы), Мәлики (имам Малик мәзһабы), Ханбали (имам Ахмад ибн Ханбал мәзһабы).
Икрам АЙТАЕВ