Бірде Жәбірейіл періште пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасында отырған уақытта жеті қабат көктен ауыр қақпаның ашылғаны естіледі. Жәбірейіл періште жоғарыға қарап:
– Қазір ғана көктің бір қақпасы ашылды. Ол бұған дейін ешқашан ашылмаған еді – дейді.
Сол арада әлгі қақпадан бір періште жер бетіне түседі. Жәбірейіл періште пайғамбарға қарап:
– Бұл періште бұған дейін ешқашан жерге түспеген еді – дейді.
Әлгі періште пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) сәлемдесіп, кейін:
– Бұған дейін ешбір пайғамбарға берілмеген екі нұр саған берілгенін хабарлап, қуантқалы келдім. Оның бірі «Фатиха» сүресі, екіншісі «Бақара» сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқып, дұға қылсаң, сұрағаның сөзсіз беріледі деп айтады.
Иә, қадірлі оқырман. Қасиетті Құрандағы әрбір сүренің, әрбір аяттың сырға толы әңгімелері жетерлік.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ