Олардың кейбіреулері Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадистерін естігенімен, басқаларға жеткізбеген. Әр түрлі салада қызмет ете жүріп, жарық дүниеден озып кеткендері де аз емес. Пәтуа әрі үкім берген сахабалардың ұзын саны жүз отызға жуық. Олардың ішінде бірінші кезекте төрт халифа келеді. Десе де пәтуалары ең көп риуаят етілгендер: Омар, Али, Ибн Мәсғуд, Ибн Омар, ибн Аббас, Зәйд ибн Сәбит және Айша анамыз (олардың бәрінен Алла разы болсын!). Осылардың ішінде пәтуалары ең көп жеткен сахаба – Ибн Аббас. Ғалымдар пәтуа айтуына байланысты сахабаларды бірнеше топқа бөлген.
Әбу Мухаммед Али Ибн Хазымның айтуы бойынша, бірінші топқа пәтуалары бір кітаптың көлеміндей білім қалдырған жоғарыда аты аталған жеті сахаба кіреді.Екінші топқа әр қайсысының пәтуаларынан шағын кітапша шығаруға болатын жиырма сахаба кіреді. Олардың қатарына Әбу Бәкір, Осман, Әбу Муса әл-Әшғари, Муаз ибн Жәбәл, Сағыд ибн Әбу Уаққас, Әбу Хурайра, Әнәс ибн Мәлик, Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас, Әнәс ибн Мәлік, Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас, Сәлман Парсы, Жәбир ибн Абдуллаһ, Әбу Саид Худри, Талха, Зубәйр, Абдуррахман ибн Ауф, Миран ибн Хусайн, Әбу Бәкрә, Убада ибн әс-Сәмид, Муауия, Абдуллаһ ибн Зубәйр, Умму Сәләмә (олардың бәрінен Алла разы болсын!).Үшінші топқа артынан бірнеше ғана пәтуа қалдырған Убәй ибн Кәғыб, Әбу Дарда, Әбу Талха, Миқдад секілді сахабалар жатқызылған (А. Наим. Хадис усулу. Стамбул. 2009. 30-31-б.).