Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде дәсүрлі қонақжайлылығы мен Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға ризашылығын білдірді, сондай-ақ, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді туған күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы биыл ұйым үшін ерекше жыл екенін және осыдан жиырма жыл бұрын тарихи қадам жасалғанын, яғни ШЫҰ-ны құру туралы Декларация қабылданғанын атап өтті. Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың басында негізі қаланған Шанхай ынтымақтастық ұйымының еуразиялық кеңістіктегі халықтардың қауіпсіздігі мен өсіп-өркендеу жолындағы тиімді ынтымақтастыққа деген ұжымдық ерік-жігерін бүкіл әлемге танытқанын айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, мұның бәрі «Шанхай рухы» ынтымақтастығының өзектілігін және бірегейлігін нақтылай түседі.
Бұл – халықтардың «құқық күштінің жағында» дегенді жоққа шығаратын, теңқұқықты ынтымақтастыққа және жаһандық күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселе бойынша тиімді ықпалдастыққа негізделген ұжымдық рух. Бірлікті көздейтін осы рух дамудың түрлі моделіндегі және әлемдегі ахуалға қатысты негізгі мәселелер жөнінде әртүрлі көзқарас ұстанатын елдерді ұйыстырады. Сонымен қатар, ол ортақ игілік үшін бірлесе жұмыс істеуге, халықтардың тарихи және саяси дәстүріне, олардың тұрмыс-салты мен менталитетіне қарамастан, жасанды стандарттар мен критерийлерді тықпалауға қарсы шығуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ әрдайым ашық әрі транспарентті құрылым болып қала береді деп санайды. Оның қызметі өзге елдердің мүддесіне қарсы бағытталмаған. Қазіргі уақытта Ұйым дамудың мүлде жаңа кезеңіне аяқ басқалы отыр. Бұл қадам халықаралық жүйенің ауқымды өзгерістерімен тұспа-тұс келеді.
Әлемдегі деструктивті үдерістер коронавирус пандемиясы басталғалы бері күшейе түсті. Бұл жер шарындағы адамдардың денсаулығына ғана емес, сондай-ақ, әлемдік экономикалық және саяси жүйенің негізіне зиянын тигізді. Ауғанстандағы кезекті жағдай көптеген елді, ең алдымен, көршілес мемлекеттерді жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет қалдырып, өңірдегі ахуалды бірден өзгертіп жіберді. Мұндай жағдайда біз жаһандық өзгерістерге жақсылап дайындалуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.