Ақтөбе облысының журналистері этносаралық мәселелерге қатысты ақпарат жариялау бойынша оқудан өтті.
Ақтөбеде толеранттылықты нығайтуға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР МАМ, журналистер, мемлекеттік органдардың өкілдері және т.б. қатысты.
Парламент Сенатының депутаты – ҚХА Журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев өз сөзінде этносаралық қатынастар саласындағы шынайы ақпарат пен журналистер арасында тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.
МАМ БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қ. Ахетов ҚР «Масс-медиа туралы» заңның басым бағыттары бойынша ақпарат берсе, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлстан Алпысбай этносаралық қатынастарды дамытудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне тоқталды.
Әрі қарай іс-шара аясында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық жұмыстың тиімді әдістері мен құралдары, «араздық тілін» анықтау әдістемесі және көрнекі ақпаратты тексеру бойынша семинар-тренинг өтті. Семинар соңында белсенді қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Аталмыш іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі