Сұрақ: Етеккір немесе нифас әйелге тиләуәт сәждесі уәжіп пе? Тазаланғаннан кейін жасауы қажет пе?
Жауап: Негізінен тиләуәт сәждесі жасалатын аяттар оқылған кезде оқыған адамға да тыңдаған адамға да сәжде жасау ханафи мәзһабы бойынша – уәжіп, ал өзге үш мәзһабта сүннет саналады.
Ханафи мәзһабында уәжіпті орындамау қазасын өтеуді қажет етеді. Жүніп немесе мас күйінде сәжде аятын естіген кісілерге де сәжде жасау уәжіп. Жүніп кісі тазаланған кезде, мас кісі айыққан кезде жасауы тиіс.
Ал етеккір көрген немесе нифас жағдайындағы әйелдер ондай үзірлі кезде құлшылықтан босатылғандықтан тазаланған кезде тиләуәт сәждесін жасауы міндет емес.
Алау Әділбаев