Ислам дінінде әйел адамға етеккір кезінде Құран оқуға тиым салынған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Бой дәретсіз кісіге және етеккірі келген әйелге Құраннан ешнәрсе оқуына болмайды», – деп айтқан (Ибн Мажә, Сүнән). Яғни, Құранды кітапқа қарап та, жатқа да оқуына болмайды. Құран аяттарын жазуына да рұқсат жоқ. Бірақ, аса қажетті жағдайларда тек қана кейбір сүрелер мен аяттарды дұға ретінде айтуға болады.
Ал, тәспі тартуға келер болсақ, етеккір кезінде қыз-келіншектерге бұған ешқандай тиым салынбаған. Қайта керісінше, мұндай уақыттарда тәспі тарту, зікір айту секілді құлшылықтарды көптеп орындауы абзалырақ саналады.
Етеккир кезинде уакига суресин окуга болама
Етеккір (хайыз) – әр айдың белгілі күндерінде әйел адамдарда пайда болатын қан. Әрбір әйел хайыз жағдайында болады. Шариғат бойынша жүніп, хайыз (етеккір) және нифастағы адамдар Құранды оқуына және қолмен ұстауына болмайды. Уақиға сүресінің 79 аятында: «Оны (тәндік һәм рухани кірлерден толық арылған) таза жандардан өзгелер ұстай алмайды» делінген.
Етеккір кезінде әйел намаз, оразасын тоқтатады. Рамазан айындағы оразасының қазасын өтейді. Айша (р.а.) анамыз былай деген: «Алла Елшісінің (с.ғ.с.) кезінде етеккір келгенде намазды қайта оқуға бұйырылмағанымызбен, ұстай алмаған оразаны қаза етіп ұстауға бұйырылатынбыз» деген.
Етеккір кезінде рұқсат етілген амалдар:Зікір-таспихаттар айту, салауаттар айту, дұға мазмұндағы аяттарды айту, ілім іздену, уағыз-насихаттар тыңдау, діни мазмұндағы әдебиеттерді оқу мен аудио, видео, теледидар арқылы оқылған Құранды тыңдауға болады.
Икрам АЙТАЕВ | Қазақстандағы Ислам