Күндердің күнінде Дәуіт есімді жігіт ауруханада емделіп жатып шынайы махаббат оқиғасына куә болыпты. Ол күнделікті емін алып, уақытын кітап оқумен өткізіп жүрген еді. Бір күні жанына бір жасы шамалап қалған қарт кісі келіп орналасады. Оның қолы соққыдан зақымданған болатын. Ертесіне таң атысымен сағат 8:00 шамасында әлгі қария төсекте жата алмай, ары-бері бөлмеде жүреді. Оның бір жаққа асығып тұрғаны белгілі еді. Дәуіт оның мазасыздығының себебін сұрағанда ол:
– Дәрігерлер қайда кетті? Мына қолымды ертерек байлап, бір жерге барып келуім керек,-деп күрсініп тұрды. Содан Дәуіт дәрігерді күтпестен қарияға көмектесуге бел буады. Оның қолын шешіп, қайта тазалап біраз емдеуге кірісті. Сол уақыт арасында Дәуіт қарияны әңгімеге тартып, қайда асыққанын сұрап үлгерді. Қария демін терең шығарып:
– Иә, балам, көрші ауруханада кемпірім емделіп жатыр еді. Соған күнде жанынан табылу үшін таңертең ерте барып, шайын дайындап, жағдайын жасауым керек. Асығып тұруымның себебі осы,-деді. Сосын Дәуіт:
– Ол кісі бақытты шығар сіздей жанашыр қамқор күйеуі барына,-деп қарияға жымиды. Сонда қария:
– Ол мені танымайды,-дейді.
– Сонда қалай?-деп Дәуіт таңдана сұрайды. Қария сөзін жалғап:
– Кемпірім бес жылдан бері альцгеймер диагнозымен ауырады. Ол ешкімді есіне түсіре алмайды. Ол мені танымағанымен, мен оны танимын әрі жақсы көремін,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы