Күндердің күнінде үлкен әмбебап дүкенінің күзетшісі орамал таққан келіншек баласын жетектеп, асығыс дүкенге кіріп келе жатқанын байқайды.
Оның қолында бір ойыншық болатын. Дүкенге кіре сала ойыншықты кассаға қайтарып беріп жатады. Содан мен дереу жақындап, не жағдай болғанын білгім келді. Сөйтсе баласы дүкен аралап жүргенде анасына байқатпастан ойыншық алып шығып кеткен. Кейін анасы ақысы төленбеген сол ойыншықты кері қайтарып жатыр екен. Сонда мен ол әйелден:
– Ойыншықты балаға қалдыра бермедіңіз бе? Бәрібір ешкім білмейтін едіғой…, дей бергенімде ол маған қарап:
– Менің дінім ешкімнен ақысыз зат алуға бұйырмайды. Балам соны көріп әрі біліп өсуі керек, деген екен.
Жалғас Асхатұлы