“YZ CLUB” жастар диалог алаңында діни қызметті реттеу саласы мәселелері бойынша кездесу өтті.
Пікір алмасуға Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, дін саласындағы жас сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Кездесу барысында дін саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде сындарлы пікір алмасылды.
Деструктивті діни ағымдармен күрес, әлеуметтік желілердегі діни экстремизмнің алдын алу тақырыптарының теориялық және практикалық аспектілері талқыланды.
Ержан Нүкежанов түсіндіру жұмыстарында және елдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде жас мамандардың маңызды рөлін атап өтті.
Пікір алмасуға қатысқан жас сарапшылар клуб шеңберінде дін саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешу, оның ішінде діни экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу бойынша ұсыныстар енгізді.
Диалог алаңының миссиясы азаматтық сана деңгейін арттыруға, жастарды дін саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге тартуға және елде діни экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеуге бағытталған.