ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Франция Республикасы Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жан-Кристоф Посельмен және Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездесті.
Сондай-ақ Е. Нүкежанов «Діни және дәстүрлі бітімгерлер желісі» Хатшылығының директоры Мохаммед Эльсаноусимен жүздесті.
Тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің маңызы туралы айтып, алдағы уақытта тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.