Қазіргі таңда интернетті, әсіресе халық көп қолданатын әлеуметтік желілерді толық бұғаттап тастау мүмкін емес. Солар арқылы теріс діни идеология таралып жатқаны рас. Не істемек керек? Белгілі имам Ерсін Әміренің айтуынша, халықтың діни иммунитетін көтеру қажет. «Ненің қажет, ненің күмәнді екенін өзі ажырата алатындай деңгейге жеткізу керек. Кез келген діни мәселені жергілікті мешіт имамының көмегімен шешу қажет» деген ұстанымды қалыптастырсақ, дін жолында адасушылық болмайды» дейді ол.