«Balapan» телеарнасының жанынан «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі» алғашқы түлектерін ұшырды.
Оңтүстік Кореяның Мультипликациялық фильмдерді насихаттау агенттігімен Ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, келісім жасалды. Нәтижесінде Оңтүстік Корея мен Жапонияның үздік мультипликатор мамандары анимация мектебінің қатысушыларына онлайн дәріс оқып, шеберлік сабақтарын өткізді.
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға болашақта мамандығына айналатын кәсіпті үйрету арқылы жаңа мүмкіндік сыйлау, ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу және олардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру мақсатында құрылған мектептің алғашқы түлектері Қазақстанның түрлі аймағында тұратын 14-16 жас аралығындағы дарынды балалар. Оқу бағдарламасы онлайн форматта, арнайы сабақ кестесіне сай жүргізілген.