Жеңіс күні және Отан қорғаушы күні қарсаңында, және де әскери қызметке шақыру алдындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында 55065 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник А.Б.Ниязалиев, база сержанты 1-сыныпты сержант К.С.Шарипов пен әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс жасау қызметінің штаттан тыс басшысы азаматтық қызметші С.К.Құдайбергенова Алматы қаласының №181 мектеп және № 178 лицей оқушыларымен «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан қаhармандары» тақырыбында ерлік сабағын өткізді.
Ерлік сабағын өткізу барысында Әуе қорғаныс күштері, Әуе қарсылас күштерінің құрылғаны туралы тарихының бейнероликтері көрсетілді.
Отанымызды қорғауды насихаттау мақсатында жоғары және орта әскери оқу орындарына түсу туралы бейнероликтер көрсетілді.
Сұрақ-жауап кезеңінде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Д.В.Левшевич және мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Р.Д.Искаков әскери қызметке шақырылу туралы, өткізілетін сабақтар туралы, тамақтану мәзірі мен күн тәртібі қалай өтетіні туралы жастардың сұрақтарына жауап берді.
Мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Д.В.Левшевич ұлты орыс болғанымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ мектебінде оқыған, сұрақтарға мемлекеттік тілде жауап бергені үшін аудиторияның ду қол шапалағына ие болды.
Мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Р.Д.Искаков өзінің он сегіз жасқа толған күні Қарулы Куштері қатарына шақырылу үшін Петропавл қаласының Қорғаныс істері бөліміне өз еркімен келгені туралы әңгімеледі.
Біздің әскери қызметшілеріміз жастарды армиядан қорықпауға шақырды, Отанымызды қорғау әрқашанда әр азаматтың міндеті мен қасиетті борышы екенін жеткізді.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің киім-кешек үлгісі жастардың қызығушылығын оятты. Белсенді қатысқан қыздар мен ұлдар каска және бронды кеудешені өздеріне киіп көруді жөн көрді.
Біздің әскери қызметшілер мен жастар көптеген жағымды эмоциялар алды.
Ерлік сабағынан кейін оқушыларды мамыр айында біздің әскери бөлімге келіп қайтуға шақырдық.