Мысырда әр 34 секундта бір неке қиылып, әрбір 117 секундта ажырасу фактісі тіркелген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде әл-Арабия ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, пирамидалар елінде 2022 жылы ажырасуға қатысты 269,8 мың іс тіркелген, ал 2021 жылы ажырасу саны 254,8 мыңға жеткен, яғни, бір жыл ішінде ажырасу көрсеткіші 5,9%-ға өскен. Мысырдың қоғамды жұмылдыру және статистика жөніндегі орталық агенттігі келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы әр 14 секундта бала дүниеге келген. Мысыр халқының саны бүгінде 110 млн-ға таяп қалды. Әлемдегі туу көрсекіші ең жоғары елдердің бірі.