14 шілдеде Нұр-Сұлтанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесі (АӨСШК) Жастар кеңесінің V-ші отырысы өтеді.
Онлайн және офлайн форматтағы шараға Катар, Иордания, Израиль, Палестина, Өзбекстан, Иран, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Тайланд, Бангладеш, Ирактан қонақтар қатысып, БҰҰДБ, ТүркПА және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйлейді.
Пленарлық отырыс 2022 жылғы 14 шілде, сағат 10.00-де Назарбаев Университетінің ғимаратында (Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, С-3 блогы, 1022,1010 залдарында) өтеді.
Сессиялардың негізгі тақырыптары: жастар және студенттер алмасу бағдарламалары, жастардың радикалдануына қарсы іс-қимыл, жастардың дамуы, жастар арасындағы суицидтің, есірткіге тәуелділіктің алдын алу.
Қосымша ақпаратты +7 (776) 055-00-01 телефоны арқылы алуға болады.
Ескерту! Іс-шараға қатысу үшін 72 сағат ішінде берілген теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасы болу қажет.
@aqparatqogam