Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының XX отырысы басталды.
Күн тәртібінде VII съездің секциялық отырыстарының модераторлары мен баяндамашыларын бекіту, съездің қорытынды құжаты – Декларациясы жобасын мақұлдау, Хатшылықтың XXI отырысын өткізу күні мен орнын бекіту, сондай-ақ кезекті VIII съезді өткізу мерзімдерін айқындау жоспарланған.
Хатшылық отырысына Парламент Сенатының Төрағасы М. Әшімбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, конфессия өкілдері, т.б. қатысуда.