Астанада Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі хатшылығының ХІІ отырысы басталды. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, сондай-ақ бірқатар беделді халықаралық ұйымдардың басшылары қатысып жатыр.
Әлемнің 20 елінен 30-ға жуық діни көшбасшылар мен халықаралық ұйымдардың басшылары келді. Олардың ішінде Әзербайжан, Ватикан, Ұлыбритания, Мысыр, Израиль, Үндістан, Иран, Катар, Қытай, Сауд Арабиясы, Моңғолия, БАӘ, Пәкістан, Португалия, Корея, Ресей, Тайланд, Швейцария, Жапония, сондай-ақ Қазақстанның өкілдері бар.
XXII Хатшылықтың ерекшелігі, оның платформасында алғаш рет 2023-2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін дамыту тұжырымдамасын ілгерілету барысы, сондай-ақ Жас діни лидерлердің бірінші форумын ұйымдастыруға байланысты мәселелер талқыланатын болады.
Рухани дипломатия мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ізгі ниет елшілерінің мәртебесі туралы ереже қабылданды, сондай-ақ осы лауазымға жоғары тұлғалар тағайындалды.
XXII Хатшылықтың басым миссияларының бірі – 2025 жылдың күзінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің жалпы отырысы өтетін күні мен басты тақырыбы және оның топтық сессияларының тақырыптарын белгілеу.