2022 жылдың 28 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесіп «Дінтану» мамандығының ашылуына 20 жыл толуына орай, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі қарсаңында Әлемдік дінтану контексіндегі Қазақстандағы дінтану: өткен жол, дәстүрлер, даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференция қазақстандық және шетелдік ғалымдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың, сараптамалық құрылымдардың, академиялық қоғамдастықтың өкілдерінің қатысуымен гибридті форматта өтті.
Конференцияда әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Б.Сомжүрек, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Д.Есенова, ҚМДБ аппарат басшысы Ғ.Жәдігерұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі С.Сүйерқұлұлы, интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Ж. Долиев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Н.Байтенова, Ислам тарихы, өнер және мәдениет жөніндегі зерттеу орталығының (Түркия) өкілі А. Муминов қатысып, өз ойларын ортаға салды.
«Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» секциясы конференцияның ерекше маңыздылығын көрсетті. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында 130 этнос пен 18 конфессия өкілдері тұратын этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделін құрғанын атап өткен жөн. Бейбітшілік пен тыныштық, азаматтық келісім, діни төзімділік, түрлі мәдениет өкілдерінің тең құқылы өмір сүруі – бұл мемлекеттің ұлттық саясат негізіне айналды және Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта айрықша ерекшелігін қамтамасыз етті. Осыған байланысты, діндердің рухани бірлігін жүзеге асыру үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институттың жұмыс істеу қажеттілігі туындады.
Бұл институт Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанның ірі сыртқы саяси жетістігі болған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі болып табылады. Қазақстанның бастамасымен әр үш жыл сайын Нұрсұлтан қаласында өткізілетін бұл форум қазіргі әлемдегі мәдениеттер мен өркениеттердің рухани татулығы үшін маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.
Сонымен қатар, ол ел ішіндегі конфессияаралық келісімнің қосымша тірегі болып табылады, діндердің бейбітшіл мәнін жалпыға бірдей түсінуге ықпал етеді.
Секцияда ҚР Митрополиттік округінің Орыс Православ шіркеуінің протоиерейі Д. Байдек, Қазақстанның католик епископтары конференциясының баспасөз хатшысы П. Пытлованы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері С.Сүйерқұлұлы, Г.Жәдірұлы, саясаттанушы Р.Жұмалы және басқа да сарапшылар сөз сөйледі. Баяндамашылар мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды іске асыру және дінаралық диалогты ілгерілету арқылы қазақстандық модельді одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Конференцияға қатысушылары «Қуғын-сүргінге ұшыраған діни қызметкерлер мен адамдар туралы естеліктерді қалпына келтіру. «Ғылыми атеизмнің» үстемдігі жағдайындағы діни тәжірибелер таырыбы қызығушылық танытты. Қазақстан Кеңес заманында әртүрлі діндердің адамдары үшін сынақ орнына айналғаны белгілі. Кеңестік кезеңде қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ даласында орналасқан еңбекпен түзеу лагерлерінде жазасын өтеген түрлі дін өкілдерінің есімін ұлықтау полиэтникалық және поликонфессиялық ел ретінде Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Қуғын-сүргінге ұшыраған дін қызметшілері туралы естелікті қалпына келтіру этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін нығайтуға елеулі үлес болып табылады. Секцияда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның профессоры Д. Кенжетаев пен профессор Ю. Шаповал, магистр Д. Сайынов сөз сөйледі. Өз баяндамаларында ақтөбелік өлкетанушы Ж.Абдуллина, сондай-ақ философия доценті Д. Толғамбаева бірегей пікірлерімен бөлісті.
Дінтану білімінің тұжырымдамалық негіздерінің, дінтану сараптамасының, дінді саясиландыру, дінді медиатизациялау, гендер мен діннің өзекті мәселелері «қазіргі дінтанудың өзекті мәселелері» секциясында талқыланды. Секцияға қатысушылар өз сөздерінде дін қоғамның бір бөлігі екеніне тоқтала келе, ғылыми зерттеуді, талдауды қажет ететін қазіргі заманғы әлеуметтік, саяси, технологиялық өзгерістеріне жауап беретінін алға тартты.
Конференцияда сөз сөйлеген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дінтану» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қазақстандық дінтану әлемдік дінтанудың бір бөлігі екенін және кафедраның мақсаты әлемдік тәжірибеге сай дінтану білімін одан әрі дамыту болып табылатынын атап өтті.