Жыл сайын 5 қыркүйекте Халықаралық қайырымдылық күні атап өтіледі.
2022 жылы қайырымдылық мәдениетін қолдауға арналған «Қайырымдылық туралы» Заңға өзгерістер енгізілді.
20-дан астам мемлекеттік меншік нысаны қайырымдылық ұйымдарына берілді.
Елімізде 1 371 қайырымдылық ұйымы тіркелген (2021 — 512, 2022 — 842, 2023 — 1 055).
Қазақстанда 740 волонтерлік ұйым және 1800 бастамашыл топ жұмыс істейді.
Соңғы жылдары 12 мыңнан астам ірі қайырымдылық акция өткізілді.
27 %-дан астам қазақстандық қайырымдылық жасайды.
2023 жылы 1 миллион адамға көмек көрсетілді.
2015 жылдан бастап «Шапағат» медалімен 250-ден астам азамат марапатталды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі