Елімізде «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігіне қарасты 9 медресе қызмет етуде. Медреселер әдлет департаментінен тіркеуден өтіп, ҚР БҒМ тарапынан лицензия алынған. Медреседе өтілетін діни пәндердің бағдарламалары ҚМДБ-ның діни оқ-ағарту бөлімінен бекітілген.
Медреселердің статусы: орта арнаулы білім беру оқу орны болып есептеледі.
Оқу мерзімі: 2жыл 10 ай
Оқыту түрі: Күндізгі
Оқыту тілі: Қазақ және орыс тілінде
Медреселер өз қызметінде ҚР Конституциясын, Білім туралы заңды, Азаматтық кодексін және басқа да заң актілерін, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан республикасының заңы, сондай-ақ өз қызметінде жарғыны басшылыққа алады.
Мекеме ашудағы басты мақсат: Қазақстанның діни-рухани жандану жағдайында алғышарттар болып табылатын ғылым мен білімді және мәдениетті дамыту;
Қызмет түрі:Діни білім беру қызметі;
Қойылған мақсатқа жету үшін оқу орны мынадай қызметтерді іске асырады:
1) Әбу Ханифа мазһабында діни білім беру;
2) Әбу Ханифа мазһабында иман негіздерін оқыту;
Медресенің негізгі мақсатына жеке тұлғаның кәсіби біліктілігінің өсуіне бағытталған белгілі жағдайды құрумен бірге мыналар жатады:
1) Исламды оқумен қатар зайырлы пәндерді оқыту;
2) Жеке адамның шығармашылық және өзіндік қасиетін дамыту, интеллектісін байыту;
3) Дүние жүзілік Ислам мәдениетінің жетістіктерімен таныстыру;
Мекеме міндеттері:
– Республиканың саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысудың қажеттілігін дамыту, жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне ұқыпты қарауды қалыптастыру;
– Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру;
– Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
Мекеменің білім беру жүйесіндегі қағидалары:
– Медреседе берілетін білім әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы мен психикалық-физиологиялық, жеке ерекшеліктеріне қарамастан барлығына ұғынықты болуы;
– Білім берудің зайырлы сипаты;
– Жеке адамды білімге ынталандырып, дағдылығын дамыту;
– Білім берудің деңгейлік сабақтсатығын сақтап, оқу үдерісін үздіксіз жүргізу;
Медресенің қызметі:
1) Білім беру жоспарлары мен бағдарламаларды, оқу процесінің күнтізбелік кестесін дайындап бекіту;
2) Білім беру құқығын беретін лицензияға сәйкес оқытушылар құрамын іріктеу;
3) Білім беру процессінің тәсілдік қамтамасыз етуін ұйымдастырып жетілдіру;
4) Сабаққа үлгеруді күнделікті, аралық және қорытынды тексеру;
5) Медресені басқару ұйымдарының құрамын, штаттық кестені бекіту, міндеттерді бөлу;
6) Медресені нормативтік талаптарға сәйкес материалдық-техникалық жағынан қамтамасы ету, жабдықтау;
Оқуға қабылдау тәртібі:
1) Медресеге орта мектепті бітірген, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
2) Талапкер медресеге оқуға түсу үшін тиісті құжаттар тапсырады.
3) Медресеге қабылдау емтихандарынан талаптарға сай баға алған немесе мектепті үздік бітірген, әрі құжаттары дұрыс болған жағдайда қабылданады.
Оқу үдерісін ұйымдастыру, білім алуды бақылау жүйесі:
1) Оқу жылының барлық оқу курсының ұзақтығы, бітіретін жылды есепке алмағанда, 1 жылды құрайды. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін академиялық сағат ұзақтығы кем дегенде 45 минут
2) Шәкірттердің мекемеде оқу жылы, сессиясы, семестрі және демалыстарының (каникул) оқу аптасының мерзімдері оқу жоспары мен оқу үдерісінің кестесіне сай анықталады.
3) Оқытылатын пәндердің 60% кәсіптік пәндер, 40% жалпы гумманитарлық және әлеуметті-экономикалық пәндер.
4) Медреседе сабақ өткізудің мына түрлері белгіленеді: лекциялар, семинарлар, практикумдар, дайындық сабақтары, бақылау жұмыстары.
5) Шәкірттер үшін оқу жылы 2 семестрге бөлінеді, әрбір семестр соңында олар өтілген пәндер бойынша емтихан, сынақтар тапсырады.
6) Шәкірттердің білімі, шеберлігі және дағдылығы келесі көрсетілген бағалармен бағаланады: «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» «қанағаттанарлықсыз».
7) Оқу барысында оқу доспарындағы тиісті пәндерден емтихан, сынақ тапсыра алмаған шәкірттер келесі курсқа көшірілмейді әрі оқудан шығарылуы мүмкін.
Шәкірттер төмендегі жағдайда оқудан шығарылады:
– Академиялық үлгермеушілік бойынша;
– Оқу тәртібін, ішкі ережелерін, жатақхана ережелерін бұзғаны үшін;
– Ауыр және басқа да қылмыстар жасағаны үшін;
– Өз еркі бойынша;
– Шәкірттерді оқудан шығару, қайта алу реті мен ауытыру келісім негізінде және жалпы жиналыс бекіткен жолмен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен тәртіппен жүргізіледі;
– Оқу орнында нәсілдік, ұлттық діни, әлеуметтік теңсіздік пен ерекшеліктерді насихаттауға, таратуға, жалпы халық мойындайтын халықаралық құқықтық принциптер мен гумманизмге қайшы келетін милитаристік және өзге де идеяларды таратуға тыйым салынады;
– Шәкірттердің міндеттері мен құқықтары Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңына, медресе жарғысына және басқа да нормативтік актілерге сай анықталады;
Медресенің әр бір шәкірті құқылы:
– білім алу және эмоционалды қарым-қатынастар арқылы жеке өзінің тұтыныстарын қанағаттандыруға;
– жеке мүдделері мен шығармашылық тұтыныстарын дамытуға;
– өзінің келісім-шарты мен оқу орнының жарғысында қамтылған талаптарға сәйкес білім беруін талап етуге;
– жалпыға міндетті білім беру стандарттары аясында білім алуға;
– оқудағы жетістіктері, ғылыми және шығармашылық қызметтері үшін марапатталуға және сыйақы алуға;
– медреседе қоғамдық жұмыспен айналысуға;
медресе кітапханасының ақпараттық қорларын тегін пайдалануға;
– оқу құралдарымен қаматамсыз етілуге;
– өз ойларын еркін түрде білдіруге;
– өзінің адамдық қасиетерінің құрметтелуіне құқылы.
Медресенің әрбір шәкірті міндетті;
– Оқу орнының жарғысында бекітелгенРсепубликасыРеспубликасы Білім жә талаптарды, ішкі тәртіп пен нұқауларды орындауға;
– Медреседегі басқа шәкірттердің, ұстаздар мен қызметкерлердің, жұмыскерлердің ар-намысы мен беделін құрметтеуге;
– Шәкіртке оқу жоспарын орындамағаны, ішкі тәртіп, ережелерді бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылады, тіпті оқудан шығарылуы да мүмкін;
– Медресе директоры мен шәкірттің ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері оның сабаққа қатынасуы мен дұрыс оқуы, жеке басының амандығын сақтау мақсатында өзара тығыз қарым-қатынаста болады;
– Үздік оқығандарға сертификат немесе марапаттау қағазы беріледі;
– Оқу үрдісі жоғары біліктілігі бар және шет елдік мамандардың құрамымен жүзеге асырылады.
Медресенің оқытушы-профессорлық құрамы міндетті:
– Шәкірттерге жоғары кәсіби деңгейде білім мен тәрбие беруге;
– Педагогикалық этика, Жарға мен ішкі тәртіп нормаларын сақтауға міндетті.