Сұрақ: Елімізде діни және зайырлы қандай мерекелер бар?
Жауап: Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет. Елімізде көп ұлттар мен конфесиялар мекен етеді. Республикамызда ұлттық, мемлекеттік, діни, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі. Мерекелердің өзіндік тарихы бар. Мынадай мерекелер аталып өтіледі: Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасының конституциясы күні, Тәуелсіздік күні т.б.
Діни мерекелер: Ораза айт, Құран айт, Рождество мерекелері.
Қоғамда біржақты оқшауланған діни топтағы азаматтар мерекелерді дұрыс пайымдамай харам, ширк, бидғат деп сандырықтап жүргені байқалады. Бұл діни сауатсыздықтың салдары. Мұндай көзқарастар діни алауыздыққа соқтырады.
Икрам АЙТАЕВ