Тіркелген ажырасулардың ең көп саны Алматы қаласы (2,6 мың), Алматы (2 мың) және Қарағанды (1,9 мың) облыстарында.
Ажырасқандардың ең азы Қызылорда облысында. Мұнда барлығы 437 ажырасу тіркелген.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада 140,3 мың неке тіркелді. Көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 8,9%-ға көп.
Қалаларда неке қиғандар саны бір жылда бірден 12%-ға, 99,4 мыңға дейін өссе, ауылдарда небәрі 1,9%-ға, яғни 40,8 мыңға дейін өсті.
Жұптың көбі былтыр Алматыда тіркелген. Оңтүстік астанада 18,8 мың неке қиылған. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 18,8%-ға көп.
Үздік үштікке халқы тығыз орналасқан Алматы (14 мың, плюс жылына 7,9%) және Түркістан (13,9 мың, плюс 3,2%) облыстары кірді. Барлық некелердің ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген: небәрі 3,5 мың Бірақ облыс үшін айтарлықтай көрсеткіш – жылына 19,9%.
Елімізде неке қию көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 6,78-ден 7,29-ға дейін өсті. Некенің ең жоғары көрсеткіші елордада тіркелген: 1000 адамға 9,66.
Үздік үштікке Алматы қаласы мен Атырау облысы да кірді.
Ажырасу көрсеткіші, керісінше, 1000 адамға шаққанда 1,18-ден 1-ге дейін төмендеді.