ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев терроризмге қарсы Шанхай ұйымының құрылымы ынтымақтастық кеңесінің 40-отырысында биыл Қазақстанда 80 мыңға жуық жас деструктивті қауымдастықтардың құрамында болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҰҚК төрағасының орынбасары терроризмді интернет-насихаттау белең алғанын атап өтті.
“Террористік қауіп-қатерге жиі ұшырайтын – жастар. Деструктивті қоғамдастықтардағы 80 мыңға жуық адамның алты мыңға жуығы 18 жасқа толмаған”, – деді Сейсембаев.
Сараптамалық бағалауларға сәйкес, интернетте 10 мың экстремистік электрондық алаңдар бар.
Не арқылы:
stan.kz